Ауылдық ҮЕҰ мен бастамашыл топтарға арналған шағын гранттар конкурсының қорытындылары
2026-06-04 16:43
2026 жылғы 3 маусымда «Павлодар облысының ҮЕҰ үшін өңірлік азаматтық ресурстық орталығын дамыту және ауылдық ҮЕҰ үшін шағын гранттарды іске асыру» әлеуметтік жобасы аясында шағын гранттар конкурсын өткізу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өтті.
Конкурстың негізгі мақсаты – қоғамдық маңызы бар бастамаларды іске асыру арқылы азаматтарды әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді тарту. Конкурс ауылдық жерлердегі үкіметтік емес ұйымдар мен бастамашыл топтардың қызметін жандандыруға, жергілікті қоғамдастықтардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған жобаларды қолдауға, қоғамдық бірлестіктердің кәсіби және тұлғалық дамуына ықпал етуге, әлеуметтік жобаларды қолдау құралдарының қолжетімділігін кеңейтуге, сондай-ақ тұрғындарды жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге тартуға бағытталған.
Конкурстық комиссияның қарауына Павлодар облысының әртүрлі аудандарынан 30 өтінім келіп түсті. Барлық жобалар конкурс талаптарына сәйкес қаралып, бағаланды. Отырыс қорытындысы бойынша комиссия мүшелері өз бастамаларын іске асыру үшін 600 000 теңге көлемінде қаржыландыру алатын 5 жеңімпазды анықтады.
Конкурс жеңімпаздары:
Щербакты ауданы, Орловка ауылы – «Экоферма 4.0: қалдықтан пайдалы технологияларға дейін» жобасы, бастамашыл топ, жетекшісі Мандрыка Татьяна Анатольевна.
Ертіс ауданы, Ертіс ауылы – «QamqorPlus» жобасы, бастамашыл топ, жетекшісі Ашенова Айнагүл Серікқызы.
Павлодар ауданы, Ефремов ауылдық округі, Даниловка ауылы – «Гүлдене бер, менің Жерім!» жобасы, «Жерге Сый тарту» жеке қоры.
Павлодар қаласы, Атамекен кенті – «Көненің көзін ашу» жобасы, «Алтын оймақ АТАМЕКЕН» қоғамдық бірлестігі.
Май ауданы, Баскөл ауылы – «Өлкетану — өнеге мектебі» жобасы, бастамашыл топ, жетекшісі Ескендиров Берік Қайроллыұлы.
Конкурс жеңімпаздарын құттықтаймыз және олардың жобалары жергілікті қауымдастықтардың дамуына, азаматтық белсенділіктің артуына және әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге елеулі үлес қосатынына сенім білдіреміз.
Жоба Павлодар облысы бойынша «Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде жүзеге асырылуда