Новости НПО

Жергілікті өзін-өзі басқару қызметінің құқықтық негіздері

Жергілікті өзін-өзі басқару қызметінің құқықтық негіздері

Павлодар облысының екі ауданының жергілікті өзін өзі басқару өкілдерімен кездесу барысында біз бірқатар проблемалар барын анықтадық; бірінші мәселе, аудандардың тұрғындарыныңжергілікті өзін-өзі басқару мүшелерінің кім екендігі және олардың мемлекеттік органдарға қатысы бар-жоғы туралы бейхабар.

Біз жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздері туралы алғашқы жарияланымды бастаймыз. Бұл «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңы. Аталған заңнамалық актіде көптеген сұрақтарға жауаптар бар, Заң алғашқы рет 2001 жылы жарияланған, жүйелі негізде оған өзгерістер енгізіледі. Өкінішке орай, бізге жергілікті өзін-өзі басқару туралы жеке Заң өте қажет және ол жақын арада пайда болуы керек. Осы заңнамалық актімен https://adilet.zan.kz/порталында танысуға болады .

Сондай-ақ, Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы тағы бір іргелі құжат болып табылады.

Біздің барлық жарияланымдар осы құжаттар негізінде дайындалады. Құрметті тұрғындар, жергілікті өзін-өзі басқару қызметінің құқықтық негіздері болып табылатын осы екі құжатты зерделеуді ұсынамыз.

Жоба "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" Коммерциялық емес акционелік қоғамы грантын пайдалану арқылы жүзеге асырылуда