Новости НПО

Екі ұғым

Қазіргі уақытта бізде ЖӨБ туралы бірыңғай заң жоқ және қолданыстағы заңнама мемлекеттік басқаруды да қамтиды, осыған орай көптеген мәселелер туындайды. Мысалы, жергілікті басқару мен жергілікті қоғамдастықты қалай ажыратуға болады.

Бұл екі жеке термин. Жергілікті өзін—өзі басқару - бұл басқару құқығын жүзеге асырудың құралы немесе нысаны. Яғни, бұл азаматтардың жергілікті маңызы бар мәселелерді дербес шешім қабылдауы.

Жергілікті қоғамдастық - бұл ауыл немесе кент аумағында тұратын азаматтардың бірлестігі. Басқаша айтқанда, бұл әкімшілік-аумақтық бірліктің тұрғындарының жиыны.

Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің белгілі бір құқықтары мен міндеттері бар, оларды біз келесі жолы қарастырамыз.

Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ грантын пайдалана отырып іске асырылуда.